ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ТОПТЫҚ ТӨБЕЛЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ-ОРТАҚ МІНДЕТ.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ТОПТЫҚ ТӨБЕЛЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ-ОРТАҚ МІНДЕТ.

2023 жылдың 26 мамыры күні Қазалы көлік-техникалық жоғары  колледжінің І-ІІ курс  студенттері арасында топтық төбелес пен  құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында  жиналыс өткізілді. Жиналыста жастар арасындағы «Деструктивті діни ағымдарға карсы іс-кимылдар» терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. 

Сонымен қатар, көктем, жаз мезгілдерінде су айдындарына,  табиғат аясына білім алушылардың өз беттерінше баруына тыйым салу керек екені айтылды.

Жиналысқа ОПД ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру  тобының аға инспекторы, полиция майоры Е.Жанұзақов, ОПД ЖПҚБ ювеналды полиция  тобының аға инспекторы полиция капитаны С.Куздекенов және Қазалы АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы,  полиция майоры М.Бегалиева қатысты. Шара барысында студенттерге әлеуметтік желіде жариялажатырған уағыздарды тыңдамауға,  жарияланатын уағыздарға лайк, пікір қалдырмауға шақырды. Сонымен қатар,  мешіттегі имандардан ғана дәріс алу керектігі, бөгде жат адамдардың сөзіне ермеу керектігі айтылып, түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. Жасөспірімдер арасында топтық төбелес,  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты үздіксіз жұмыстар атқарылып келеді. Білім алушыларға бос уақытты тиімді пайдалану қажеттілігі, беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, бөгде адамдармен сөйлеспеу, жол қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Құрметті ата-аналар!Қазіргі таңда жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстар орын алуда. Осы орайда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қатаң қадағалауды сұраймыз!


26 май 2023 ж. 23