Семинардың бағдарламасы бойынша қатысушыларды үш бағыт бойынша бөлініп жүргізілді. 1-ші бағыттың модераторы колледж басшысы Б.Ә. Ахметов заман талабына сай жабдықталған оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханалар, «Жас маман» құзыреттілік орталығымен және Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіндегі қамқорлыққа алған серіктес кәсіпорын «Қамқор Локомотив» ЖШС базасының өндіріс тынысымен таныстырды.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Семинардың екінші бағыт бойынша колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Б.Ахметова облысымыз бойынша отыз колледждің орынбасарларын Қазалы белгі беру байланыс дистанциясы ШЧ-40 әлеуметтік серіктес мекеменің өндіріс тынысымен таныстырып, «Теориясыз-практика мәнсіз, практикасыз-теория жансыз» тақырыбында семинар-тренингпен жалғастырды.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Семинардың үшінші бағыт бойынша директордың ақпаратттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ахай.М.К. мен колледж психологі Таңжанов Ақыл ТжКБ жастар ісі жөніндегі комитеттері мен белсенді студенттерді аудандық Ғани Мұратбаев атындағы мұражайына саяхат жасады.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
Семинардың пленарлық отырысын Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ізімбетов Әзизбек Жәнібекұлы ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Қазалы көлік – техникалық жоғары колледжінің директоры Б.Ахметов «Кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жолдары», ШЧ-40 директоры А.А.Дінахметов «Дуалды оқыту – білім мен білік дағдысының кепілі» тақырыбында баяндама жасады.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()