ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЕСІРТКІЛІК ЖӘНЕ ТОКСИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ»

«ЕСІРТКІЛІК ЖӘНЕ ТОКСИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жасөпiрiмдер арасында нашақорлыктың алдын алу және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зиянын түсіндіру бағытында денсаулық саласы мамандарының қатысуымен «денсаулық  сағаты» болып өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты-жасөспірімдер мен жастар арасында психикаға белсенді әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі, алкогольдік өнім және есірткінің зияндығы туралы  ақпараттармен бөлісу болып табылады.

Кеш қонақтары Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева мен жастар денсаулық орталығының мейіркеші М.Жалғасбаева студенттерге жасөпiрiмдер арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны, нашақорлыкты емдеу және алдын алу шаралары туралы айтып, есірткінің зияндығы туралы  бейнероликтер көрсетіп, жадынамалар таратты.   


04 май 2023 ж. 1