ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ»

«ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығына сәйкес оқу-жаттығу-далалық (лагерлік)  жиындарды өткізу туралы, Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі №52 бұйрығы мен колледж  директорының 2023 жылғы 24 сәуірдегі №303 «Оқу-жаттығу-далалық (лагерлік)  жиындарды өткізу туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, І курс студенттерімен оқу-жаттығу-далалық (лагерлік)  жиыны жоспарға сәйкес өткізілуде.  Оқу-жаттығу-далалық (лагерлік)  жиынының 3 күні  студенттер Ж.Баһадүр атындағы орталық стадионында практикалық  оқу-жаттығу сабақтары АӘ және ТД ұйымдастырушы-оқытушысы Ж.Динахметовтың ұйымдастыруымен өтті. Қыз балалар "Алғашқы медициналық көмек көрсету" тарауы бойынша практикалық әдіс-тәсілдерді меңгерді.



26 сәуір 2023 ж. 4