"ПАРАСАТ МАЙДАНЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ"

Мақсаты-қаламгердің шығармашылығындағы ұлттық болмыс, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу арқылы оқушылардың кітапқа қызығушылығын ояту.
Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Жалдыбаева катысып, студенттерге Т.Әбдікұлы шығармаларындағы шоқтығы биік туындының бірі-"Қонақтар" әңгімесі туралы ой өрбітті.
Директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева Т.Әбдікұлының қаламынан туған дүниелерінің ішінде ерекше назар аудартатын, бітім-болмысы басқаша суреттелетін «Оң қол» әңгімесіне тоқталды.
Оқырмандар назарына «Парасат майданы» повесі туралы бейнеролик пен «Көркем сөздің хас шебері» атты кітап көрмесі ұсынылды.