ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Алтын діңгекті алып бәйтерек»

«Алтын діңгекті алып бәйтерек»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері ардагер ұстаз Молдабай Ақниязұлының 80 жас мерейтойына арналған аудандық шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа Қазалы агроколледжі, Қазалы гуманитарлық колледжі және Қазалы көлік – техникалық жоғары колледждері мен №165, 204, 276 мектептерден командалар қатысты. Ойынға Ерғалиев Серікбол, Бижанов Азамат, Оспанов Азамат төрешілік жасады. Турнир қортындысы бойынша: 1 орын - №165 мектеп, 2 орын - №204 мектеп, 3  орын - ККТЖК командалары иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы Сутеев Болатбекке (№165 мектеп), «Үздік шабуылшы» номинациясы  Жанұзақ Бауыржанға (№204 мектеп), «Үздік қорғаушы» номинациясы Ақтлеуов Алтынбекке (ҚКТЖК колледжі), «Үздік қақпашы» номинациясы Алуадинов Еркебұланға  (№204 мектеп) берілді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар және грамоталар табыс етілді.


21 сәуір 2023 ж. 8