ҚКТЖК » Жаңалықтар » "АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН ӨЛКЕ"

"АҚЫНДАР ЖЫРЛАҒАН ӨЛКЕ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі  кітапханасында «Оқуға құштар колледж» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақындар жырлаған өлке» тақырыбында әдеби қонақжай ұйымдастырылды.

Мақсаты-студенттердің туған жер, туған ел жайында алған білімін қалыптастырып, ой-өрісін, зеректігін дамытып, патриоттық сезімдерін дағдыландыру. Туған өлке ақындарының шығармаларымен таныстыру.

Шара барысында Қазақстан Журналистер одағының, КСРО Журналистер одағының мүшесі. Ж.Мәкеналы ұзақ жылдар бойы өлке тарихын зерттеумен айналысқан жерлес ақын ағамыздың өнері мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат берілді. Қазалы ауданының  атауы мен өңір тарихына жан-жақты мәліметтер келтіріліп, слайд арқылы Қазалы тарихи, мәдени ескерткіштері көрсетілді. Студенттердің орындауында Ж.Мәкенәлінің өлеңдері оқылды. Сонымен бірге «Тамыры-терең, тарихы- кенен Қазалы» атты кітап көрмесі таныстырылды.


21 сәуір 2023 ж. 9