ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қазалы көлік-техникалык жоғары колледжінде қылмыс пен кұқық бұзушылық, топтық төбелестің алдын алу мақсатында І-ІІ курс студенттері арасында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқықтық оқу сағаты болып етті.
Шара барысында Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ның ага инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева студенттерге қылмыс пен кұқық бұзушылық, топтық төбелестің алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, кибербуллинг туралы ақпарат берсе, аудандық Жастар Денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева нашақорлық, ерте жүктіліктің алдын алу, денсаулыққа кері әсер ететін зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Студенттерге өз тараптарынан қойылған сұрақтарға жауап алу барысында топтық төбелес салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертіліп, тақырып аясында бейнефильмдер көрсетілді.