2 СӘУІР-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жоспарына сәйкес 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Әлем балалар әдебиеті» атты кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты-оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапханаға оқырмандар тарту, оқырмандардың ой- өрісін дамыту, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім- тәрбие беру.
Көрмеге «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» жасөспірімдерге арналған шығармалар сериясымен шыққан балалар әдебиеті классиктерінің ең үздік туындылары қойылды.
Шараға қатысқан студенттер ұсынылған әдебиеттермен таныса отырып, өздеріне қажетті қызықты мағлұматтар алды.
Кітап-біздің рухани құндылығымыз,теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін талай оқиғалардың куәсі. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Сондықтан да, колледж студенттерін кітап оқуға шақырамыз!