ҚКТЖК » Жаңалықтар » ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  студенттерді зкстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезіміне тәрбиелеу мақсатында «Терроризмнен сақтану жолдары» тақырыбында түсіндірме сағаты болып өтті.

Шара барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес                                                                                     

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Террористік тұрғыдан осал объектілері  мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді  терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру" жөніндегі  нұсқаулық таныстырылып, террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған, күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған, күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға арналған, жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған, адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған және эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жадынама түрлері таныстырылды.


29 наурыз 2023 ж. 7