ҚКТЖК » Жаңалықтар » «НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!»

«НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының 10.03.2023 жылғы №04-01/1140 санды хатына сәйкес 22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 20 наурыз күні колледжішілік «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты іс-шара болып  өтті. Басты мақсатымыз-студенттерді  ұлттық  рух  пен  Отан сүйгіштікке  тәрбиелеу, ұлтымыздың  мәдени  мұраларын  сақтап, салт-дәстүрімізді  насихаттау. 

Наурыз  тойын  тойлау  барысында  ұлтымыздың  керемет  дәстүрлерінің  рәсімдері  жасалып, колледж ұстаздарынан құралған әжелер ансамблі «Попури» орындаса, жігіттер «Қара жорға» биін биледі.  Сонымен бірге, ұлттық  тағамдардың  көрмесі  ұйымдастырылып, шара  соңы  ұлттық спорттық  ойындармен (тоғызқұмалақ, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу, гир көтеру, асық ату, т.б.) түрлерінен жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Мерекелік іс-шараға жиналған ата-аналар мен студенттер Наурыз көжеден дәм татып, жастарға ағалардың батасы берілді. Ардагер ұстаздар мен студенттер шара барысында колледж ауласына көшеттер отырғызды.


20 наурыз 2023 ж. 1