ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ТАРИХ.ТАҒДЫР.ТҰЛҒА."

"ТАРИХ.ТАҒДЫР.ТҰЛҒА."

"ТАРИХ.ТАҒДЫР.ТҰЛҒА." Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында ұлы тұлға Қараұлы Темірбек Жүргеновтің туылғанына 125 жыл толуына орай  шығармашылық мұрасын жан-жақты дәріптеу, аға ұрпақ алдындағы өскелең ұрпақтың парызын ұғындыру, өміршең мұрасын, қайраткерлік күресін, ағартушылық қызметін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Темірбек Жүргенов-қазақ руханиятының жарық жұлдызы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргенов туралы «Тарих. Тағдыр. Тұлға».  танымдық деректі фильмнің үзіндісімен ашылды.

Темірбек Жүргенов- халқымыздың рухани-мәдени, оқу-білім саласын әр қилы замандар мен саяси жағдайында өрге сүйреген қайраткер. Сол күрескерлік, туындыгерлік еңбектерімен есімі ел есінде мәнгі қалған арыс тұлға.

Көрмеге «Аңыз адам» журналына шыққан мақаласы, Ә.Тәжібаевтың «Ерекше іскер және қайратты нарком», Ш.Жиенқұлованың, Жүргеновтың жары Д.Жүргенованың «Айтылмаған аманат» такырыбында жазылған естеліктері, рефераттар, суреттер, әдістемелік құралдар койылды. Сонымен қатар Е. Зәңгіровтың «Ұлт рухы», Б.Иманғалиевтың «Темірбек Жүргенов» кітаптарына шолу жасалды.


14 наурыз 2023 ж. 5