ҚКТЖК » Жаңалықтар » «14 НАУРЫЗ-КӨРІСУ КҮНІ»

«14 НАУРЫЗ-КӨРІСУ КҮНІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының 10.03.2023 жылғы №04-01/1140 санды хатына сәйкес 22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай іс-шара жоспарына сәйкес 14 наурыз-Көрісу күні мерекесіне орай «Амал келді, жыл келді!» атты мерекелік шара болып өтті. Татулықтың, сыйластықтың белгісі «Амал» немесе «Көрісу» күні-қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі, елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам. Шараны ұйымдастырушы СОБ-22/9 /топ жетекшісі А.Медеубаева/  мен  Қ-21/9 /топ жетекшісі Қ.Әмірханов/ топ студенттері бірлесе «Көрісу» қойылымын қойып, ән-күйден шашу шашып, ауылдың  алтыауызы мен қонақкәде айтылды. Ақ дастарханнан дәм ауыз тиген қонақтар,  бата беріп,  ас қайырды.




14 наурыз 2023 ж. 2