ҚКТЖК » Жаңалықтар » "АНА ДЕГЕН АРДАҚТЫ ЖАН ӨМІРДЕ...!"

"АНА ДЕГЕН АРДАҚТЫ ЖАН ӨМІРДЕ...!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде көктемнің ең жарқын мерекесі 8 Наурыз- Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Сарқылмайтын жылылық-Ана атты ұлылық" атты мерекелік кеш болып өтті. Бұл күні жігіттер қауымы отбасының берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен әсем әндерін тарту етті. Айтулы күні шара барысында ұжым басшысы әлемде нәрестеге өмір сыйлап,  асыл табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жандарға марапаттар табыс етті. К.Қарымсақова, Л.Шыныбаева, Ж.Жаналиевалар ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың құттықтауын иеленсе, М.Жакипова Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұжым мақтаныштары  Р.Орымбаева, К.Қарымсақова, Л.Шыныбаева, Ф.Әліпбаева,  А.Медеубаева, Л.Мұхашева, Г.Досекеева, А.Даулетиярова, Г.Ақтлеуова, Л.Әуез, А.Абуова, А.Досымдар Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы М.Шермағанбеттің  Құрмет грамотасын, Н.Утембетова Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Есқалиеваның Құрмет грамотасын, А.Ахметова Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаевтың Алғыс хатын иеленді. Колледж директоры Б.Ахметовтің Алғыс хатын Т.Сағындықтар

иеленіп, барша қызметкерлер сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, ата-аналар мен белсенді студенттеріміз бен "Мылтық ару-2023" сайысының жеңімпаздары да сахна төрінен көрінді. 

Құрметті, қыз-келіншектер, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін!


07 наурыз 2023 ж. 4