ҚКТЖК » Жаңалықтар » «АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ»

«АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде қыздар гигиенасы, ерте жүктілік пен  кездейсоқ жыныстық тәрбиенің алдын алу мақсатында «АИТВ инфекциясы және ерте жүктіліктің  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Шара барысында облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес мекемесінің Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы филиалы меңгерушісі, дәрігер-эпидемиолог П.Жолдыбаева АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы мен жұғу жолдары, оның алдын алу жөнінде ақпараттар беріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға шақырды.

Ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Айтбаева мен директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева студенттердің көкейінде жүрген өзекті сұрақтарға жауап берді. Шараны ұйымдастырушы валеология пәнінің мұғалімі Г.Рахманберди қыз балалардың жыныстық жетілу кезеңдері туралы бейнебаян көрсетіп, тақырып аясында студенттер маман кеңестерін тыңдады.


17 ақпан 2023 ж. 3