ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚУ САҒАТЫ
Қазалы көлік-техникалык жоғары колледжінде 2023 жылдың 16 ақпаны күні Қызылорда облысының білім басқармасының 13.02.2023 жылғы №02-16/702 санды хатына сәйкес ата-аналарға жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет кауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, лудомания және ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды. Жиынды колледж директоры Б.Ахметов ашып, оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу және аталған тақырыптар бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Құқықтық оқу барысында ата-аналарға жадынама таратылды. «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары» туралы бейнедәрістер көрсетілді.