Студенттермен кездесу
Қазалы көлік-техникалык жоғары колледжінде І-ІІ курс студенттерінің арасында нашақорлықтың алдын алу, «темекі шегетін қоспалар» мен «синтетикалық есірткілерді» тұтыну салдары, лудомания мен интернетке тәуелділіктің алдын алуға байланысты 2023 жылдың 15 ақпаны күні білім алушылармен құқықтық оку сағаты болып етті.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты-оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет кауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, лудоманияның алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Жиналыста колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқықтық оқу барысында студенттерге арналған құқықтық жадынама таратылды және «Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында есірткінің заңсыз айналымына қатысты», «Синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары туралы» бейнедәрістер көрсетілімі ұйымдастырылды.