ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2023 жылдың 15 ақпан күні «Тепловоз, вагон және жол шаруашылығы» бірлестігінің апталығы аясында «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өтті. 

Кешімізге Қазалы жол дистанциясы мекемесінен зейнетке шыққан еңбек ардагерлері Кушеров Жанәділ Жұбаниязұлы мен Әуез Дәрменқұл Махамбетұлы қатысты. 

Кеш барысында студенттер ардагерлердің еңбек жолымен танысып, өз сауалдарын қойып, ғибратты әңгімелерін тыңдады. Еңбек ардагерлері болашақ маман иелеріне пайымды пікірлермен, пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту мақсатында дұрыс жөн сілтеді. Іс-шарада ардагерлерге студенттер көптеген қызықты сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мәліметтерін алды. Іс-шара соңында кеш қонақтарына шапан жауып, сый-сияпат көрсетіліп, ардагерлер жас буынға батасын берді.


15 ақпан 2023 ж. 9