ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Елдің ертеңі- өресі биік, дүниетанымы кең, білікті маман"

"Елдің ертеңі- өресі биік, дүниетанымы кең, білікті маман"

13 ақпан күні  Қазалы  көлік –техникалық жоғары колледжінде « Тепловоз , вагон және жол шаруашылығы» бірлестігінің   ұйымдастыруымен өткізілетін  "Елдің ертеңі- өресі биік, дүниетанымы кең, білікті маман" атты апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Апталықтың мақсаты білім алушыларды мамандығы бойынша заманауи технологиямен оқыта отырып, кәсіби шеберлікке баулу, құзіреттілігі жоғары мамандар дайындау және мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру,патриоттық тәрбие беру болып табылады. Ашылу салтанатында мамандықтар бойынша көрме ұйымдастырылып, әрбір мамандық туралы бейнероликтер көрсетілді.  Бейнероликтер көріп ,тамашалау барлық оқытушылар мен студенттерге  қолжетімді болу  үшін  цифрлы  технологиялардың бірі  QR-кодтар арқылы тамашалау ұсынылды. Апталықтың ашылу  жиынында сөз сөйлеген директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ахметова Анар  Барлыққызы болашақ теміржолшыларларға сәттілік тіледі. 

13 ақпан 2023 ж. 1