ҚКТЖК » Жаңалықтар » Ашық сабақ Антон Павлович Чехов. «Толстый и тонкий»

Ашық сабақ Антон Павлович Чехов. «Толстый и тонкий»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2023 жылдың ақпан айының 9 жұлдызында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алибекова Лаура Ерикбаевна  «СОБ- электромонтеры  22 / 9» тобына , «Антон Павлович Чехов. Рассказ «Толстый и тонкий». Степени сравнения прилагательных» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды . Сабақ интерактивті тақта арқылы жүргізілді, көптеген көрнекіліктер:жазушының әр кезеңдегі суреттері, буклеттер, шығармаларынан көрме, түрлі түсті бояулар, бағалау қиындылары,  үлестірмелі жиынтықтар, оқулықтар пайдаланылды. Сабақта: проблемалық сұрақ, иллюстрациялар бойынша әңгіме, рөлдер бойынша оқу, талқылайық, мәтінді талдау, кім көшбасшы, кластер толтыру әдістері пайдаланылды. Интерактивті тапсырмалар The hat, Wordwall, Learninqapps оқыту платформаларында орындалды. Сабақ барысында барлық студенттер белсене қатысты.Қатысқан колледж директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Нұралы С.Е., ақпараттық технология бойынша орынбасары Ахай М.К., колледж әдіскері Сарсенбаева Г.С. мен оқытушылар  өз пікірлерін білдіріп,сабақ «ӨТЕ ЖАҚСЫ» деп бағаланды!


09 ақпан 2023 ж. 25