ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЕСІРТКІНІҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ»

«ЕСІРТКІНІҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ҚР ІІМ Қызылорда облысының полиция департаментінің 18.01.2023 жылғы №1-21-5/261 хатына және Қызылорда облысының білім басқармасының 31.01.2023 жылғы №07-16/459 санды хатына сәйкес есірткінің жасөспірімдердің ағзасына зияндылығы, құқықтық салдары және есірткінің заңсыз айналымына жоғары табыс iздеп тартылу фактілері, оларды есірткі курьері ретінде тартудың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған І-ІІ курс студенттері мен ата-аналардың  қатысуымен құқықтық түсіндіру сағаты болып өтті. Тақырып аясында есірткінің заңсыз айналымының алдын алу, есірткі курьері ретінде тартудың тәсілдері туралы ОПД ЕҚҚІҚБ-мен мемлекеттік тілде дайындалған бейнежазба көрсетілді. Шара барысында колледж директоры Б.Ахметов студенттерге,   есірткінің жасөспірімдердің ағзасына зияны туралы айтып, оларды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.


02 ақпан 2023 ж. 2