"САЛАУАТТЫ ӨМІР-КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде валеология пәнінің оқытушысы Г. Рахманберди мен колледждің педагог- психологы Т. Ағымның ұйымдастыруымен "Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл" атты колледждің I курс студенттеріне арналған тренинг болып өтті.
Мақсаты-студенттердің өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау, өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Міндеті-студенттердің өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету.
Студенттерге шара барысында түрлі видеолар көрсетіліп, жаттығулар жасалып, тренингтер ұйымдастырылды. Студенттер арасында топтық жұмыс жүргізіліп, түрлі ойындар ойнатылды.