«СУИЦИД-ҚОҒАМ ДЕРТІ»

Шара барысында Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева «Суицид-қатерлі дерт» тақырыбында баяндама оқыса, Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ның ага инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева, Қазалы ауданаралық ауруханасы «Болат жолы» емханасының психологы Г.Жанайбекова мен Қазалы аудандық теміржол емханасының психологы Ж.Далиевалар жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында кеңестерімен бөлісті. Колледж студенттері бөлімше мамандарына көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.



