ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙДЫ ЕРКІН ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ!"

"ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙДЫ ЕРКІН ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ!"

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда облысы білім басқармасы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында «Тәуелсіздікті жырлайды еркін елдің жастары!» атты облыстық жыр мүшайрасы ұйымдастырылды.  
Мақсаты-Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жырлау, тарихқа үңілу, егемендік жолында ерлік еткен тұлғалардың есімін жастар санасында қайта жаңғырту,  жастарды ана тілін, төл мәдениетін, туған тарихын құрметтеуге шақыру. Жыр мүшайрасының ережесіне сай ақындар өз шығармашылығынан Тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сайысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Бекмағанбетова Гүлмира Шанжарханқызы, «Әлімсақ» журналының тілшісі, «Баспалдақ» жыр жинағының авторы Сайлау Айдар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты Аружан Оралбай жас қаламгерлер қабілетін таразылап, әділ қазылық етті. Төрешілердің шешімімен колледж студенті Оразғали Бекарыс ІІІ орын иеленіп, «Алғыс хатпен» марапатталды.

15 желтоқсан 2022 ж. 40