ҚКТЖК » Жаңалықтар » БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ.

БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ.

Кибербуллинг-адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ, бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Осы орайда, Қызылорда облыстық білім басқармасының және «KAZINTAKE&SERVICE» орталығының хатына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорлауды болдырмау бағытында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің  83 инженер-педагогы  арнайы курстан өтіп, сертификатталды. Ұжым қызметкерлерінің тақырып аясында білім жетілдіруіне арнайы есепшоттан қаржы бөліп, ықпал жасаған колледж басшысы Болатбек Әбиұлына алғысымыз шексіз!




30 қараша 2022 ж. 58