БАБАЛАР ҮНІ. ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИГЕ-355 жыл
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» 2022-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бабалар үні» такырыбы бойынша халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ауызша журнал өткізілді.
Мақсаты-сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдай, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Қаз дауысты Қазыбек би- қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.
Қазыбек бидің өмірі жанкешті істері мен батыл шешімдерге толы болды. Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.
«Артына жаман жұраттан жақсы сөз қалдырған артық» дегендей, қазақ қоғамында би-шешендердің орны ерекше. Олардың түйінді сөздеріне хан, сұлтандар да жығылған. Қара қылды қақ жарып, әділ билік айтқан билердің игі істері, бойындағы қасиеттері жылдар бойымен ғасырларға айналып, құңды мұра болды. Қазақ тілі-бай тіл, көп оқу арқылы көп білеміз. Жазылған шығарманың барлығы тілдің көмегімен жетеді. Құндылықтарымызды қастерлей отырып тереңдету, оған сүйіспеншілікті қалыптастыру- отаншылдық пен қазақстандық патриотизмді оятады. Қорыта келгенде, шешендік сөздердің әдебиет әлемінен алар орны қашанда бөлек болмақ.