ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Жаңа Қазақстан құруға жаңа қадам»

«Жаңа Қазақстан құруға жаңа қадам»

14.11.2022-18.11.2022 ж күндері аралығында «Қызмет көрсету» бірлестігі оқытушыларының ұйымдастырылуымен «Жаңа Қазақстан құруға жаңа қадам»  атты апталық өз уақытында өткізілді.
Апталықтың мақсаты  қызмет көрсетудің барлық  мамандықтары бойынша  студенттердің пәндерді күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін көрсету, алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана білу, сөйлеу мәдениетін көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; өз бетімен шешім қабылдай білуге, қажет уақытында тез, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру.
14.11.22 ж. Апталықтың бірінші күнінде «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты»  қызмет көрсету мамандықтар студенттерінің шеруімен ашылды. Шеруде 6 топтың студенттері  арнайы пән оқытушыларымен қатысты.
Бірлестік мүшелеріне апталықтың жақсы өтуіне, студенттердің жаппай қатысуына тілегін директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ахметова Анар Барлыковна мен оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұралы Серік Ержанұлы айтып өтті.


22 қараша 2022 ж. 54