ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК-ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУШЫ КҮШ"

"ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК-ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУШЫ КҮШ"

"ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК-ҚОҒАМДЫ ДАМЫТУШЫ КҮШ" тақырында өткізілген  интеграцияланған кеш қонақтары марапатталды.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 15 қараша-"Жұмыс беруші күні" іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы негізіндеашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнінің бағдарламасы интеграцияланған кеш түрінде "өндіріс тынысы" айдарымен өткізілді. Кешіміздің жұмыс ұсынушы басшылар мен өкілдері, қамқорлық алған кәсіпорындар(ұйымдар),    мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;                     
- жұмыс берушілер қауымдастығы;  колледжің түлектері мен өндірістік оқыту бойынша тәлімгерлер жұмыс беруші күніне орай  марапатталды. Марапатты кешті Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен ОңғарбайұлыТлеумбетов қорытындылапмарапаттар табыстады . Оқу ағарту министрі А.Аймағанбетовтің Алғыс хатымен  "Қазалы локомотив жөндеу зауыты"директоры Н.Альмаганбетов пен Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясының СОБ жөніндегі директордың орынбасары Ж.Досжанов марапатталды. Аудан әкімі М.Оразбаевтың Алғыс хатымен Қазалы жол дистанциясы бастығы А.А.Құсан, Қазалы стансасы бастығының орынбасары Р.П.Махашев, "Қамқор вагон жөндеу зауыты" директоры Т.Ә.Алипбаев және аталған мекеме басшысының орынбасары Ж.Кабулов Қазалы білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешов және Қамқор локомотив зауыты директорының орынбасары Ахметов.Р.М. марапатталды. Сонымен бірге, Қазалы ауданындағы кәсіпкерлер палатасы филиалының  директоры Қ.Т.Еңсеповтың Алғыс хатымен қызмет көрсету сферасы бойынша дайындалатын мамандықтардың жұмыс берушілерін марапаттады. Олар: Қаз ТрансГаз мекемесінің басшысы Қ.Қ.Сансызбаев, "Намыс құрылыс" мекемесінің басшысы Өтеулі С.Ә., "Қазалы ағаш бұйымдары" Ж.Ембергеновтер, Колледж директорының Алғыс хатымен колледж түлектері ТД айналым депосының машинисі Жақсыұлы Мадияр, Шч-40 мекемесінің мамандары, дуальды оқыту жүйесі бойынша тәлімгерлер Серімбет Мұса, Қәдірбай Аян, Али Айгүл, П-60 мекемесінің маманы Әбубәкір Самат, "Қамқор вагон" зауытының маманы Өтеген Рүстем, Қазалы аудандық электр торабының электрмонтері Сартай Әділбек марапатталды. Бекітілген бағдарлама аясында өткен іс-шараларға жұмыс берушілер оң бағасын берді.



15 қараша 2022 ж. 49