СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Шара барысында Қазалы ауданаралық ауруханасы «Болат жолы» емханасының ВОП дәрігері Е.Сауытбаева «Суицид-қатерлі дерт» тақырыбында баяндама оқыса, Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева, Қазалы ауданаралық ауруханасы "Болат жолы" емханасының психологы Г.Жанайбекова, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында кеңестерімен бөлісті. Колледж мейіркеші А.Айман мен бөлімше мамандарына студенттер көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.



