ҚКТЖК » Жаңалықтар » "БІР КОЛЛЕДЖ-БІР КІТАП"

"БІР КОЛЛЕДЖ-БІР КІТАП"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында "Бір колледж-бір кітап" акциясы аясында М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні” әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы болып өтті.
Іс-шара студенттерге М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында ұйымдастырылды. Білім алушылар «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша жазылған аудиожазба үзіндісін тыңдап, кейіпкерлерге талдау жасады.
Колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Алпысбайқызы жазушы, драматург, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері М.Әуезовтің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше екендігін айтып, жазушы шығармасына шындықты арқау ете отырып, әлеуметтік көзқарасын, дүниетанымын, кейіпкердің ішкі толғанысын да шебер көрсеткендігін айтып өтті. Кітапханашы С.Сугурова «Заманның заңғар жазушысы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасаса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Жалдыбаева білім алушылармен бірге әңгіме желісі бойынша шығарма кейіпкерлерінің қасиеттерін талқылады.



21 қараша 2022 ж. 83