ҚКТЖК » Жаңалықтар » "НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!"

"НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі бойынша облыстық білім басқармасының 28.10.2022 жылғы №07-16/4199 санды хатына сәйкес «Есірткi кылмысына карсы iс-кимыл және нашақорлыктын алдын алу шараларын жетiлдiру жөнiндегi 2022-2023 жылдарға арналған жол картасынын» 23-тармағында «Әрбір өңiрдiң ерекшеліктерін ескере отырып, оның таралуын талдау негiзiнде, онын iшiнде жасөпiрiмдер арасында психикаға белсенді әсер ететін және күшті әсер ететін заттарды тұтынуды талдау негiзiнде колледж студенттері арасында осындай фактiлердi жасырын анықтау нәтижелерін ескере отырып, нашақорлыктын емдеу және алдын алудын жүйелі шараларын әзірлеу» тапсырмасын орындау максатында                        2022 жылдың 2 карашасы күні СОБ-22/9 тобының І курс студенттеріне нашақорлықтың алдын алу бағытында денсаулық саласы мамандарының қатысуымен бірлескен «денсаулық  сағаты» болып өтті.
Мақсаты-жасөспірімдер мен жастар арасында психикаға белсенді әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі, алкогольдік өнім және есірткінің зияндығы туралы  ақпараттармен бөлісу, салауатты өмір салтын насихаттау, бейнероликтер көрсету, жадынамалар тарату.
Кеш қонақтары Қазалы ауданаралық ауруханасының нарколог дәрігері  Б.Тілеуімбетов  мен Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева студенттерге жасөпiрiмдер арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны, нашақорлыкты емдеу және алдын алу шаралары туралы айтты. Жасөспірімдерге психикаға әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі, алкогольдік өнім және есірткінің зияндығы туралы  бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.




03 қараша 2022 ж. 36