"СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ"
Денсаулық-салауатты өмір кепілі. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 25 қазан-Қазақстан Республикасы күніне орай студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау, оларды өз денсаулығын күтуге, жеке басының тазалығын ұстауға және де спортпен шұғылдануға дағдыландыру мақсатында дәстүрлі «Спорт-денсаулық кепілі» атты ХVIІ спартакиада болып өтті.
Спартакиадада колледж директоры, спорт жанашыры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Б.Ахметов колледж студенттерін дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға шақырды.
Кеш қонақтары Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Ақпанбетов, грек-рим күресінен ардагер спортшылар арасында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, колледждің 1997 жылғы түлегі С.Оспандар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.