ҚКТЖК » Жаңалықтар » «БАЛА ТӘРБИЕСІ-БАРШАҒА ОРТАҚ»

«БАЛА ТӘРБИЕСІ-БАРШАҒА ОРТАҚ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде бала тәрбиесіндегі ата-ананың  рөлі мен жауапкершілігін күшейту, құқықтық тәрбие беруде ата-ананың ықпалын арттыру мақсатында "Бала тәрбиесі-баршаға ортақ" атты колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты колледж директоры Б.Ахметов ашып, биылғы оқу жылында атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды және оқу үдерісінің жүргізілуі туралы баяндады. Жиналысқа қатысқан Қазалы АПБ ЖПҚ-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева Қазалы ауданы бойынша 9 ай көлемінде жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін балаларды қатаң бақылауда ұстау керектігін ата-аналарға ескертті. Қазалы аудандық КММ Жастар ресурстық орталығының жастар инспекторы А.Келдібаев, Аудандық Жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева зиянды әдеттерден аулақ болу /темекі, насыбай, электронды темекі, қорқор, есірткінің алдын алу т.б./ алдын алу туралы тақырыптарға тоқталды. Колледж директорының тәрбие ісі  жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева колледждегі тәрбие процесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы туралы айтты. Колледжішілік ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Айтбаева колледж әкімшілігіне ата-аналар тарапынан ұсыныс білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Жиналыста "Ата-анаға қажет кеңестер" тақырыбында ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.




26 қазан 2022 ж. 64