ҚАЗАҚСТАН-МЕНІҢ ОТАНЫМ!
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 25 қазан-Республика күніне орай «Электр жабдықтарын жөндеу электр слесары» тобында /топ жетекшісі Л.Мұхашова/ «Қазақстан-туған жерім, ұлы өлкем!» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Іс-шарада колледж кітапханашысының ұйымдастыруымен «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында кітап көрмесі қойылып, «Қайта оралды қазағыма Республика күні» атты видеоролик көрсетілді. Шарада топ студенттері Республика күніне арнап көркем сөз оқып, патриоттық ән шырқап, қойылым қойды. Тәрбие сағатына қатысқан ата-аналар қауымы балаларының өнерін тамашалап, игі тілектерін білдірді. Кешті колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары. Г.Алпысбайқызы қорытындылап, ұлттық мерекенің тарихи орны туралы айтты.