Халқы мықтының-салты мықты
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында 6 қазан күні «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жоспарына сәйкес «Халқы мықтының-салты мықты» тақырыбы бойынша кітапхана квесті өткізілді.
Мақсаты-студенттердің жалпы дүниетанымын кеңейту, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт- дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, қазақи болмысқа баулу.
Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі-заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел-мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті.
Шарада «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары». «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері». Ә. Тауұлының «Қазақ салт-дәстүрлері». Н.Ақбайдың «Қазақтың дәстүрлі атаулары». Энциклопедиялық сөздігі. Х.Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері». А.Нүсіпоқасұлы, Ә.Жапарұлының «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін», З.Мұхамеджанұлының «Қазақтың кесте өнері». Санжар Керімбай, Болат Бопайұлының «Салт-дәстүр сөйлейді. Отбасы хрестоматиясы». С.Кенжеахметұлының «Қазақтың дарқан дастарқаны» Санжар Керімбай «Әлдиден эпосқа дейін». «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көріп отырған «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: біртұтастығы және ерекшелігі» 1 том. Сайын Назарбекұлы «Қазақтың киіз үйі». Серік Ерғали «Нау мен Ырыс». Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты». Айып Нүсіпоқасұлы «Тал бесіктен жер бесікке дейін». Қасымхан Бекманов «Халқы мықтының- салты мықты». "Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл", "Әдеби-этнографиялық таным" атты кітаптары көпшілік назарына ұсынылды.