ҚКТЖК » Жаңалықтар » МҰХТАР ӘУЕЗОВКЕ-125 ЖЫЛ

МҰХТАР ӘУЕЗОВКЕ-125 ЖЫЛ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Заманның заңғар жазушысы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты-Мұхтар Омарханұлының өмірі мен шығармашылығымен, "Абай жолы" роман-эпопеясымен таныстыру және студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
Жазушыға талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған. Кешке қатысушы студенттер Қ.Аманжоловтың «Мұхтар аға», С.Мәуленовтің «Мұқаңа», Р.Ғамзатовтың «Мұхтар аға», Ә.Жарасқанның «Тарих заңы», М.Шахановтың  «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?» тақырыбындағы арнауларын оқыды.
Көрермендерге М.Әуезовтің шығармашылығын насихаттайтын слайд таныстырылып, білім алушылар жазушының жанды дауысын тыңдап,  ерекше әсерге бөленді.
Колледж кітапханашысы С.Сугурова қаршадайынан қазақтың бай ауыз әдебиетiнiң iнжу-маржандарынан сусындап, әрiсi Асан қайғы, Ақтамбердi, Бұхар жырау, Дулат, Махамбет жырларынан тәлiм алған, бесiгiнде жатып, ұлы Абай өлеңдерiмен көкiрегiн тербеген бала Мұхтардың өсе келе Шығыс пен батыс мектептерiн бойына қатар сiңiрген дана Мұхтарға айналуы заңды құбылыс екендігін, оның «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Қилы заман», «Көксерек» сияқты алғашқы шығармаларының өзі қазақ сөз өнері мен көркем ойлау жүйесін жаңа сапалық биікке көтергенін қалың оқырманға насихаттап,
«Мұхтар мұрасы-адамзат қазынасы»» атты кітап  көрмесіне библиографиялық шолу жасады.




28 қыркүйек 2022 ж. 84