ҚКТЖК » Жаңалықтар » ЖАСӨСПІРІМ. ҚЫЛМЫС. ЗАҢ.

ЖАСӨСПІРІМ. ҚЫЛМЫС. ЗАҢ.

  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында     Қазалы ауданының прокуроры,  әділет кеңесшісі Д.Әбіш, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Ақпанбетов,  Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиевалардың  қатысуымен құқықтық оқу сағаты болып өтті. Жиын барысында құқық бұзушылықтың  алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, І-ІІ курс студенттеріне жадынама таратылды. Сонымен бірге, жастар арасында нашақорлық, токсикоманияның кеңінен таралып жатқанын, оның адамның денсаулығына қауіпті, өміріне кедергі болатыны туралы айтылып, бейнеролик көрсетілді.



22 қыркүйек 2022 ж. 74