«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ТІЛ-РУХАНИЯТ ӨЗЕГІ...»

Биылғы жыл қазақ халқының біртуар перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, публицист, ұлттың жазудың реформаторы, ағартушы, бір сөзбен айтқанда Алаш зиялысы болған Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі осы бір айтулы күнмен тұспа-тұс келіп ұйымдастырылып отырған апталық екенін айта кеткен оң болмақ. Бір анығы тіл туралы сөз болған жерде ұлы Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтпай кету мүмкін емес. Өйткені, «Оқу құралы» алғашқы қазақ әліппелерінің бірі, «Тіл құралы» алғашқы қазақ оқулығы екені ақиқат.
Өз кезегінде оқушылар апта бойы ұлт ұстазы-Ахмет пен тіл тойына арналған түрлі тақырыптық бәсекелерде өзара ақтық сынға түсіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталатын болады.


