ДЕМОЕМТИХАН-ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ

2021-2022 оқу жылында оқуды бітіруші топтар арасында біліктілік емтихан нысандарының жаңа форматындағы демонстрациялық емтихан өткізілуін колледж директоры Болатбек Әбиұлы 07150400«Дәнекерлеу ісі» мамандығы , «Электрогазымен дәнекерлеуші» құзыреттілігі бойынша -7 студент іріктеліп заңдылығына сәйкес өтуін атап өкен болатын.
Демонстрациялық емтиханға жоспар құру, даярлау, өткізу және сарапшы – ұйымдастырушы болып директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ахметова Анарға жауапкершілікпен тапсырды. Демоемтиханға дайындық жабдықтың техникалық күйіне және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника ережелері мен нормаларының сақталуына жауаптылықтан басталып, аталған құзыреттілік бойынша техникалық сарапшы әлеуметтік серіктестіктен Дүйіс Сәбит,
«Электрогазымен дәнекерлеуші»құзыреттілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Сапар Айқожа ,бағалау құжаттамасының жиынтығын әзірлеуге және алаңның жабдықталуына жауапты болып арнайы пән оқытушысы Ранай Орымбаеваға тапсырылған болатын.Нәтижесінде 91 топ студенттерінен сараланып шыққан жеті студент жақсы бағаларын алып IV разрядтағы біліктіліктерін қорғап шықты.