«ҰСТАЗ-МӘҢГІ НҰРДЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде арнайы пән бірлестігінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаз Жақсылық Кеңес Әзілханұлымен «Ұстаз-мәңгі нұрдың шамшырағы» тақырыбында сыр сұхбат өткізілді. Кештің мақсаты-студенттерге мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге үйрету.
Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың шығармашылығы бойынша жиналған қауымға кейіпкеріміздің өмірбаяны экран арқылы ұсынылды. Сонымен бірге, талай қызықтарды өткізген К.Әзілханұлының замандастары және ең алғашқы шәкірттері ақ тілектерін жаудырып, қошемет көрсетті.




