"АХМЕТ-ҰЛТ ҰСТАЗЫ"
Биыл ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі-А. Байтұрсынұлының 150 жылдығы. Мерейлі жылға орай білім саласы қызметкерлері арасында жазба ақындарымыздың облыстық мүшәйрасы болып өтті. Сайысқа қалалық, аудандық кезеңмен колледж жеңімпаздарынан барлығы 17 қатысушының шығармалары ұсынылды.
Облыстық мүшәйраны қазылар алқасының төрағасы Д.Аяшұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, Алаш ардақтысы, реформатор ғалымның елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы зор еңбегіне тоқталды. Сайысқа Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, зерттеуші ұстаз Жалдыбаева Гүлмира Пәсепбайқызы қатысып, Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатын иеленді. Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!