БІЗДЕ ҚОНАҚТА КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕГІ Г.ШИПОВСКИХ

Іссапар аясында депутат, колледж түлегі Г.Шиповских Ата заңға енгізілетін түзетулер халықтың әл-ауқаты мен тұрмысынан бастап, елдің экономикасына дейінгі барлық салаға өзгеріс әкелетінін, референдумның маңыздылығын түсіндірді. Кездесу барысында Мәжіліс депутатына инженер-педагогтар қауымы ерекше ықыласын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтындықтарын және Жаңа Қазақстанды құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындықтарын жеткізді. «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев саяси науқанның өзектілігін сөз етті.



