Кәсіби бағдар
Президентіміз Қ.Тоқаев: "Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет", - деген болатын. Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Осы орайда Қазалы көлік техникалық жоғары колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары М.Ахай, арнайы пән оқытушысы А.Сартай Байқоңыр қаласындағы №272, №273, №274, №275, №277 мектеп лицейінде 9 сынып оқушыларымен жеке кездесулер өткізді және ата-аналардың жиналысына қатысты. Кездесу барысында колледждің тыныс-тіршілігі, материалдық-техникалық базасы туралы мағлұмат берді. Нәтижесінде оқуға тілек білдірген талапкерлердің өтініштері тіркелді.