ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде студенттер арасында топтық төбелес, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық түсіндіру және әдістемелік көмек беруге байланысты білім алушылармен құқықтық түсіндіру сағаты болып өтті. Жиналыстың мақсаты-топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу, профилактикалық шараларды ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында құқықтық түсіндіру және әдістемелік көмек беру жұмыстарын жүргізу және ақпараттандыру-әдістемелік көмектер беру. Жиналысқа Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева, Қазалы аудандық покуратурасының прокуроры Д.Жұбаназар, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры А.Дарибаев, Қазалы аудандық теміржол емханасының психологы Р.Мамбеталиева, колледж директоры Б.Ахметов пен колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қатысып, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысымен орын алған қылмыстар және одан сақтандыру жолдары арнайы дайындалған бейнеролик арқылы көрсетіліп, слайдпен таныстырылды.