МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ
Қадірлі әріптестер, ата-аналар мен студенттер қауымы!Сіздерді 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Бүгінгі күн-көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы. Бір шаңырақ астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Достық, Ынтымақ, Бірлік, Татулық, Бейбітшілік мерекесі баршаңызға құтты болсын! Ізгі ниетпен, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы!