ҚКТЖК » Жаңалықтар » І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және ҚТЖ ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы АЛТ жоғары оқу орнының базасында І халықаралық форум  болып өтті. Форумда өзекті мәселелер бойынша кешегі, бүгінгі, және ертеңгі еліміздің индустриясының келешегі туралы пленарлық отырыс болып,  халықаралық әріптестерімізбен онлайн режимде баяндамалар тыңдалды.Екінші бөлімде  "Колледждерге берілген академиялық дербестік, "Worldskills-2022" Ұлттық чемпионатының өту тәртібі, мамандықтар атласы мен дуальды оқыту жүйесінің тиімді жолдарын пайдаланудың ерекшеліктері" аясында пікір алмасу шаралары болып өтті.Форумды М.Тынышпаев атындағы АЛТ жоғары оқу орнының Президент-ректоры, профессор С.Амиргалиева жүргізді . Форумның мақсаты-техникалық және кәсіптік білім беру саласының үздік білім бағдарламасын айқындау, тәжірибе алмасу, ғылыми жұмыстарын дәріптеу, насихаттау, шеберлік шыңын шыңдау, заман талабы бойынша ілгерілеу перспективасын дамыту. Республика көлеміндегі мемлекеттік колледждер арасында екі жақты келісімшарт жасалып, колледж директорларымен меморандумға отырды. Кеш соңында түрлі тақырыптарда баяндама оқыған әріптестерімізге  сертификат табысталып, Алғыс хатпен марапатталды. Форум соңында қатысушылар Қазалының тумасы режиссер Асылбек мырза түсірген қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері М.Тынышпаев туралы фильмді тамашалады.




09 сәуір 2022 ж. 134