ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚҰТ БОЛҒАН, ҚАЗАҚҚА, ӘЗ-НАУРЫЗ!!!

ҚҰТ БОЛҒАН, ҚАЗАҚҚА, ӘЗ-НАУРЫЗ!!!

Қадірлі Қазақ елі, әріптестер, ұжымдастар!
Бүкіл түркі дүниесінің түндігін түрген, Қасиетті Қазақ еліне мәшһүр болған той-Наурыз, Жаңа жылымыз құтты болсын! Жаңаның бәрі Наурыздан бастау алып түлейтінін білген ата-бабамыз жаугершіліктен жалығып, қасиетті жер анасына найзасын қиып-бәйтерек, құрығын қадап қалың орман қылған-дейді әпсана. Найзаны көктетіп-терек қылған, құрықты көктетіп-орман қылған, Самарханның көк тасын ерітіп, даланы көкорай шалғынға бөлеген, көктемін өзімен ала келген Ұлы күн баршаңызға құтты болғай! Жылбасы дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға  құт-берекесін, ырзық несібесін ала келгей!
Абыздарымыздың батасы, Ару-Аналармыздың алғысы, Аға-інілердің асыл арманы, апа-қарындастардың қадір-қасиеті, ақ жүрегі, балалардың алғаусыз ақ тілегі қабыл болып, жастарымыздың жігері тасатын, әр жанұяның жақсы ойлары, мақсаттары іске асатын жыл болғай! Ізгі ниетпен, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы.
19 наурыз 2022 ж. 126