Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
"Жастар ресурстық орталығы" КММ-ның ұйымдастыруымен 22 наурыз-Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай кент жастарының басын қосқан <<Наурыз думан>> мерекелік шарасында колледж студенттеріміз жеңіске жетті.Мерекелік шарада жастар арқан тартыс,тоғызқұмалақ,ләңгі тебу,асық ату және гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлері бойынша сайысқа түсті,Нәтежесінде гір көтеру сайысында колледжіміздің 14-ші топ студенті Жетенов Нұртілек І-орын алса,жүлделі ІІ-орын Қ-20/9 топ студенті Смағұл Әділжан жеңіп алды,ал асық ату сайысында І-орын 15-топ студенті Шакизада Мухамеджан алса,ІІ және ІІІ-орындарды 14-топ стунденті Жетенов Нұртілек және Қ-21/9-топ студенті Едіге Рысбек жеңіп алды.Ләңгі тебу сайысында колледжіміздің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Дербісалиев Ерболат жастарға ләңгі тебудің қас шеберлігін көрсетіп І-орын иеленсе,ІІ және ІІІ орындарды 14-ші және 15-ші топ студенттері Жетенов Нұртілек және Шакизада Мухамеджан жеңіп алды.Сайыста жеңіске жеткен жеңілпаздармен жүлдегерлерге алғыс хат,дипломдармен мараппатталды.Жиналған көпшілікке ыстық бауырсақ пен наурыз көже таратылды.Жиналған жұрт мерекелік көңіл-күймен тарқасты.