ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Тарихтан тағлым - өткенге тағзым»

«Тарихтан тағлым - өткенге тағзым»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күніне» орай арнайы пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты іс шара өткізілді.
«Тарихқа тағзым күні - бұл ата-балалардың әруағына бас ию, төл тарихымызды құрметтеу, өткеннің қателігінен сабақ алу, келешекке жарқын көқараспен қарау». Тарихтқа тағзым ету арқылы біз тарихымызды бағалай аламыз, ұрпақтан ұрпаққа жалғай аламыз, тарихтан сабақ аламыз. Тарих осысымен құдіретті.
Мақсаты: Білім ордасында білім алып жүрген студенттердің санасына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, оларды ұлттық рухпен тәрбиелеу, сондай-ақ тарихын білуіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.
Шара барысында колледжде біраз жылдардан бері жұмыс атқарып келе жатқан Жақсылыков Кеңес  1985 жылы оқу орнының Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағын алғаны туралы, директорының оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Серік Нұралы Қазалы вокзалының тарихын, директордың ақпараттық технология жөніндегі орынбасары Ахай Маржанкүл колледждің даму тарихы туралы сыр шертті. Аталған шара үлкендердің батасымен қортындыланды.




17 наурыз 2022 ж. 170