«Ел жайлауға көшкенде…!»

Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс сынды жылдың әр мезгілінде қазақ жұрты өз шаруашылығының, малының күйісі мен жағдайына қарай қоныс ауыстырып отырған. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстаудеп атаған. Жайлау – қыстаудың алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол, әрі, тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Жайлауға көшкенде ауыл жастары көңілді кеш ұйымдастырады. Мерекені колледж басшысы Б.Ахметов құттықтау сөзімен ашты.Көңілді кеш барысында жігіттер арасында «Арқан тарту», «Асық ату» ойыны ойналып, «Қара жорға» биі биленді. Мерекелік іс-шараға жиналған қонақтар мен студенттер Ұлыс күнінің алғашқы асы Наурыз көжеден дәм татты.





